Nokia 2710 Navigation Edition - Nokia Mail

background image

Nokia Mail
Хатты оқу, жазу және жіберу үшін электрондық пошта жазбасына құрылғы арқылы

кіріңіз. Бұл электрондық пошта бағдарламасы – SMS электрондық поштасы

функциясынан басқа.
Бұл функция барлық аймақта болмайды.
Поштаны пайдаланбастан бұрын, электрондық пошта қызмет провайдерінен

электрондық пошта жазбасын алуыңыз керек. Параметрлердің бар-жоғы және

олардың дұрыстығы туралы ақпарат алу үшін электрондық пошта провайдерімен

хабарласыңыз. Электрондық пошта конфигурациясы параметрлерін

конфигурация хабары түрінде алуыңызға болады.