Nokia 2710 Navigation Edition - Карталар туралы

background image

Карталар туралы

Мәзір

>

Карталар

таңдаңыз.

Карталар бағдарламасы бар болса, әр түрлі қалалар мен елдердің карталарын

шарлауға, мекен жайлар мен көрнекті жерлерді іздеуге және қазіргі орналасқан

жеріңізді көруге болады. Сонымен қатар, жолдарды жоспарлап, бағыттардың

ретті нұсқауын алуға болады.
Құрылғыңызда немесе салынған жад картасында карталар болса, оларды

интернетке қосылмай да шарлауға болады. Құрылғыңызға жүктелген карталарда

қамтылмаған аумақты шарлағанда, осы аумақ картасы автоматты түрде

интернеттен жүктеледі. Интернет қосылымы арқылы кіру орнын таңдау

ұсынылуы мүмкін.

Карталарды жүктеу көптеген деректердің қызмет ұсынушыңыздың желісі арқылы

тасымалдануын қамтуы мүмкін. Деректерді тасымалдау тарифтеріне қатысты

ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Кейбір қызметтер барлық елдерде бар бола бермеуі мүмкін және таңдалған

тілдерде ғана ұсынылуы ықтимал.
Карталар бағдарламасын ашқанда төмендегілердің ішінен таңдаңыз:
Ағымдық орын — Қазіргі орналасқан жеріңізді көріңіз.
Соңғы орындар — Шарлаған жерлеріңізді көріңіз.
Мекенжай табу — Белгілі мекен жайды іздеңіз.
Жолды көрсету — Белгіленген жерге түзу сызықпен көрсетілген бағытты көріңіз.
Сақталған орн-р — Құрылғыңызда сақтап қойған орынды табыңыз.
Жол жоспары — Жолды жоспарлаңыз.
Параметрлер — Карталар параметрлерін анықтаңыз.
Барлық дерлік сандық картография деректері кейбір жерлерде ақаулы және

толық емес болады. Ешқашан осы құрылғыны пайдалану үшін жүктеп алған

картография деректеріне өзіне ғана сеніп қалмаңыз.

28

Карталар